«Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы барысында 350 заң бұзушылық анықталды

Бір күн ішінде аймақтың көлік инспекторлары жол кодексін 350 рет бұзушылықты анықтады, оның ішінде жаяу жүргіншілермен жасалғаны - 21, ал 13-і мас жүргізуші, көлікті құжатсыз басқарған 17 жүргізуші, жылдамдықты шамадан тыс асырған 97 желікпе жүргізуші рөлден шеттетілді. Барлық ереже бұзған жаяу жүргіншілерге ЖҚЕ сақтамағандығы үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Олар жеті мың 65 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды.
Жамбыл облысы ІІД Жол полициясы басқармасының инспекторы, полиция капитаны Бақытжан Жолдасбековтың айтуынша, ЖПЖБ-ның инспекторы полиция сержанты Мәди Байтүгеновтың арқасында «Жедел жәрдем» арнайы автокөлігінің масаң жүргізушісін тоқтату мүмкін болды.
- Менің назарымды «Жедел жәрдем» жүргізушісінің көлікті өрескел, «ала-құла» жүргізгені бірден алаңдатты. Ол сонымен қатар, «ирелеңдетіп» әрі дауыс ұлғайтқыш құрылғыны барынша қосып айдады. Жүргізуші Жамбыл даңғылында тоқтатылды, бірақ оның құжаттары болмады. Бұған қоса масаң күйде жүргізгені бар. Дәрігер-нарколог диагнозды растап, орта дәрежедегі мастық медициналық куәландыру қорытындысын шығарды. Менің ойымша, біз кездейсоқ құрбанның жолын қақтық, өйткені мас жүргізуші - әлеуетті қылмыскер, - деді М.Байтүгенов.
Қосымша тексеру барысында полицейлер ұсталғанның «Жедел жәрдем» жүргізушісінің баласы екендігін анықтады. Әкесі арнайы автокөлікті үйіне қалдырып, өзі қонаққа кеткен...