Қауіпсіздік Кеңесі туралы заң Конституцияға сәйкес келеді - ҚР КК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қауіпсіздік Кеңесі туралы заң Конституцияға сәйкес келеді. Бұл туралы аталған Кеңестің баспасөз қызметі хабарлайды.
None
None

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды Республика Конституциясына сәйкестігі жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің өтінішін қарап, оларды Республика Конституциясына сәйкес келеді деп тапты», - делінген баспасөз хабарламасында.

Нормативтік қаулының толық мәтіні ресми республикалық баспа басылымдарында жарияланатын болады.

Соңғы жаңалықтар