Қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жеке аймақтар бойынша емес жер шары деңгейінде қарастыру керек - Қырғыз Республикасының Президенті

 Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қырғыз  елі  Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ саммитін өткізу туралы ұсынысын қолдайды.  Бұл туралы «Ақбұлақ» курортында өтіп жатқан ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуінде айтылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қауіпсіздік Еуропа немесе Азия аймағында жеке  қамтамасыз етілмейді.  Оны бүкіл жер шары деңгейінде  қарастыру керек. Қырғызстан ЕҚЫҰ төрағасының 2010 жылы ЕҚЫҰ мемлекет басшыларының саммитін өткізу туралы ұсынысын толық қолдайды", деді Қырғыз Республикасының Президенті Құрманбек Бакиев. Жалпы ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекет жетекшілері бұған дейін соңғы рет 1999 жылы Түркияның Ыстамбұл қаласында бас қосқан болатын. Армения, Беларус, Қазақстан, Қырғызстан,  Ресей, Тәжікстан,  Түрікменстан президенттерінің пайымдауынша, ТМД елдері  басшыларының бұл бейресми кездесуінде  қаралатын  ең басты мәселе - аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 

Соңғы жаңалықтар