16:36, 02 Маусым 2009 | GMT +5
Қауіпті жүкті тасымалдаушыларға 2 млн. теңге айып салынды
ТАЛДЫҚОРҒАН. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ – Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы 13 заңды тұлғаны тексергенін Талдықорғанда өткен кеңесте Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау бастығының орынбасары Бауыржан Жантұров мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Оның айтуынша, тексерілген тұлғалардың барлығынан заң бұзушылықтар табылған. 11 әкімшілік іс бойынша хаттама толтырылды және 365,2 мың теңгенің айыппұлы салынды. Ірі көлемді және ауыр салмақты екі жүк тасушы көлік 2 млн. теңге айыппұл төлейді. Олар арнайы рұқсатсыз қауіпті жүкті алып өткен.Осындай тексерулер 2008 жылы 36 кәсіпорында да жүргізілді. 11 заңды тұлғаға қатысты хаттама толтырылды және 215,9 мың теңге өндіріліп алынды.