15:00, 19 Маусым 2023 | GMT +5
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» қоры басқармасының шешімімен Қайрат Берікұлы Мақсұтов «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қайрат Мақсұтовтың электр энергетикасы саласында жинаған тәжірибесі мол.
Ол ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысып, өзін жауапты және білікті басшы ретінде көрсетті.
Әр жылдары ол түрлі басшылық қызмет атқарған.
«Самұрық-Энерго» басқарма төрағасының орынбасары болды, сондай-ақ энергетика саласындағы холдингтік компанияларды басқарды.