20:30, 05 Мамыр 2010 | GMT +5
«ҚазАгро» холдингісінде ауыл шаруашылығы нысандарының жаңа инвестициялық жобалары қаралады
АСТАНА. Мамырдың 5-сі. ҚазАқпарат /Гүлден Рамазан/ - Мамырдың 6-сы күні Ауыл шаруашылығы министрлігі ғимаратында « «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі» АҚ басқармасының ашық отырысы өтеді. Онда «Ермек» ЖШС және «Ақтоғай-Агро» ЖШС кәсіпорындарының екі көкөніс сақтау, сондай-ақ мал бордақылайтын комплекстің құрылысын қаржыландыру сынды жаңа инвестициялық жобалары қарастырылмақ. Бұл туралы холдингінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Бұл жобалар Қазақстанның индустрияландыру картасына сәйкес «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына енгізіліп отыр.
Сондай-ақ, холдингтің отырысына ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттерінің мүшелері қатысады.