«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі инвестициялық бағдарламалар бойынша жобаларды қаржыландыру рәсімін оңтайландырды
деп хабарлады холдингінің баспасөз қызметі.
Холдинг еншілес компаниялары арқылы 11 перспективалық бағыттар бойынша агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуетін дамыту және импортқа тәуелділікті төмендетуге бағытталған инвестициялық жобалары жүзеге асырады.
Атап айтқанда, «ҚазАгроқаржы» АҚ алты бағыт бойынша оператор болып табылады: ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірісін ұйымдастыру және дамыту, жеміс-көкөніс дақылдары өндірісінде тамшылатып суару технологияларын енгізу, ірі тауарлы сүт фермалары желісі, құс фабрикалары желісі, жылыжай шаруашылықтары, көкөніс қоймалары.
«Аграрлық несиелік корпорация» АҚ бес бағытты жүзеге асырады: дамыған инфрақұрылымымен бордақылау желісін құру және дамыту, мал сою пункттері, ет өңдеу кешендері мен вауумдық ораудағы ірі кесек және блок ет өндірісі, биязы жүн өндірісі және оны өңдеу, қазақстандық астық экспорты инфрақұрылымы.
Бұрын жоғарыда көрсетілген 11 бағыт ауқымындағы жобаларды жүзеге асыруға өтінімдер Холдингтің еншілес компанияларының орталық кеңселерінде қабылданатын. Сонымен қатар барлық қажетті құжаттар толық болуы міндетті еді. Практика көрсеткендей, бұл заемшыларға да, қаржыландыру ұйымдарына да едәуір қиындық туғызды.
Жаңа регламентке сәйкес жобаларды іріктеу екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде еншілес компаниялардың аймақтық филиалдары мен өкілдіктері регламентте көзделген талаптарға өтінімнің сәйкестігіне алдын ала талдау жасайды. Бұл жағдайда әлеуетті заемшыларға қажетті құжаттардың қысқартылған тізімін ұсыну қажет.
Екінші кезеңде еншілес компаниялардың орталық кеңселері құжаттардың толық топтамасын қажет ететін жобаның түпкілікті талдауын жүзеге асырады.
Бүгінгі таңда холдингінің инвестициялық бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 38,7 млрд. теңгеге тарта 30 жоба мақұлданды, деп хабарлайды «ҚазАгро» ҰХ» АҚ баспасөз қызметі.