«ҚазАгроҚаржы» 5 жылға қаржыландыру туралы француздық «Societe Generale» банкімен несие келісімін бекітті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАгроҚаржы» АҚ француздық «Societe Generale» банкінен 25 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржыландыру тартты, деп хабарлайды АҚ-ның баспасөз қызметінен.
None
None

«ҚазАгроҚаржы» АҚ 5 жыл мерзімге қаржыландыру туралы «Societe Generale» француз банкісімен несие келісімін бекітті.

Ағымдағы жылдың маусым айында желі толығымен игерілген болатын. Бұл қаражатқа кейін қазақстандық аграршыларға лизингке табыстау үшін ауыл шаруашылығы техникалары сатылып алынған.

«Шетелдік инвесторлардан қаржыландыру тарту - бүгінгі таңда біз үшін бұл бюджеттен тыс қаражаттардан қосымша қаржыландыру көзі, - дейді «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландыру тарту бөлімінің бастығы Аслан Ноқышев. - Шетел инвесторларының арқасында біз қазақстандық аграршыларға берілетін техника санын айтарлықтай шамаға көбейттік. Шетелдік инвесторлардың біздің компаниямызға сенетіндігі және қазақстандық тараптан ұсынылатын қандай да болсын бір қосымша кепілдемесіз ақша қаражаттарын беретіндігі - олар бізді сенімді серіктесі көреді».

«Societe Generale» француз банкісімен ынтымақтастық - бұл шетелдік инвесторлармен жасалған алғашқы мәміле емес. Ірі компаниялардың арасында, әр түрлі қаржыландыру беру туралы келісімдер «Ислам даму банкі», «Газпромбанк», «Ресей ауыл шаруашылық банкі», «Еуразиялық даму банкі», «Deere Credit», «LandesBank Berlin», «HSBC» сияқты ірі қаржы институттарымен жасалған болатын.

Тартылған қаражаттардың көпшілік бөлігі ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға және кейін аграршыларға лизингке табыстауға салынған.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ 1999 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған. Негізгі мақсаты - ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникаларына және технологиялық жабдықтарға деген қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау.

Соңғы жаңалықтар