«Қазагроөнім» жылқы сатып алуды қаржыландыруда

АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астана қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру шеңберінде және жылқы малын бағудың ежелгі қазақтың дәстүрлі технологиясын сақтау мақсатында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес компаниясы - «Қазагроөнім» акционерлік қоғамымен «Kaz Horse Mugalzhar» ЖШС (Ақмола облысы) 277 бас мұғалжар тұқымды жылқы сатып алуға қаражат бөлінді.
None
None

Бұл туралы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Жобаның мақсаты - етті бағыттағы аналық жылқы малының басын көбейту және кейіннен Астана қаласы мен Ақмола облысының сауда орталықтарында сапалы жылқы етін сату болып табылады.

Жобаны іске асыру нәтижесінде жыл бойы жылқыны жайылымда жайып бағу технологиясы қайта жаңартылады, сондай-ақ өзіндік құны салыстырмалы түрде төмен болатын сапасы жоғары экологиялық таза ет өнімі алынатын болады.

Соңғы жаңалықтар