Қазақ басылымдарына бөлінетін қаржы ұлғаяды- Мәдениет және ақпарат министрі

АЛМАТЫ. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед «Қазақ газеттері» және «Жас өркен» ЖШС-нің шығармашылық ұжымымен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Кездесу барысында Мәдениет және ақпарат министрі аталған серіктестіктерге қарасты басылымдардың қазақтың рухы мен ұлттық құндылықтарды насихаттаушы екенін және аз ғана мемлекеттік басылымдар қатарында екенін атап өтіп, мемлекеттік қолдаудың күшейетінін жеткізді.«Бүгінгі кездесіп отырғанымыздың басты себебі, бүгінде бізде мемлекеттік басылымдар аз. Сондықтан қолда бар аз ғана медиаресурстарды, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын аз ғана басылымдарды қолдап, сақтап қалуға тиістіміз. Соңғы жылдары «Жас өркен» мен «Қазақ газеттеріне» қарасты басылымдарға бөлінетін қаржы ұлғайды. Соның нәтижесінде таралым саны артып отыр. Биыл бөлінетін қаржы тағы артады. Мәселен, «Жас өркенге» 100 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінеді», - деді М.Құл-Мұхаммед.Ол сондай-ақ басылымдардың санын арттыру қажет екендігін, жекеменшік басылымдардың сапасына жету керектігін атап өтті.Өз кезегінде «Қазақ газеттері» және «Жас өркен» ЖШС басшылары Жұмабек Кенжалин мен Жүсіпбек Қорғасбек өз ұжымдарындағы жағдайға тоқталып, министрге қамқорлығы үшін алғыс білдірді.«Жас өркен» ЖШС құрамында «Ұлан», «Дружные ребята» және «Балдырған», «Ақ желкен» журналдары бар. Өткен жылы мемлекет тарапынан бұл ЖШС-ға 95 640 935 теңге бөлінсе, биылғы жылы бұл сан 101 897 000 теңгеге жетіп отыр. Ал «Қазақ газеттері» ЖШС-на «Ана тілі», «Ұйғыр авази», «Экономика» және «Мысль», «Ақиқат» журналдары қарайды. Биылғы жылғы мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы 115 363 000 теңгеге артқан.
Соңғы жаңалықтар