Қазақ делегациясы Қытайда Қазақстан темір жолдарын жаңарту жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр - ҚТЖ

Былтыр қараша айында І Халықаралық көліктік-логистикалық «Жібек жолы - 2011» форумында «ҚТЖ» мен «Көліктік логистиканы дамытудың ұлттық орталығы» ҚХР мультимодальды логистикалық қызметі көшбасшыларымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойған. ҚТЖ дамуының жаңа тұжырымдамасын ойлап табу мен отандық темір жолды дамыту мақсатында қазақ делегациясы Қытай серіктестерімен келіссөздерді жандандыра түсті.
Компания өкілдері Sinotrans&CSCholdingCo.Ltd, COSCO Logistics int'l multimodal transportationCo., Ltd мен China Shipping (Group) Company, сондай-ақ «CRСT» (ChinaRailwayCorporationTransportCo.,Ltd) мен «CRIMT» (ChinaRailwayInternationalMultimodalTransportCo., Ltd.) сияқты Қытайдың ең ірі контейнерлік операторларымен кездесті.
«Кездесу барысында Қазақстан темір жолы «Электронды пойыз» жобасына қатысуға мүдделі екендігін атап өтті. Бұл жоба елдің транзиттік әлеуетін арттырып, электронды құжат алмасудан алдын ала ақпараттандыру арқылы шекарадағы кеден рәсімін жылдамдатады», - делінген компанияның хабарламасында.
Сапар барысында қазақ делегациясы Темір жол ынтымақтастығы ұйымының ЦИМ/СМГС біркелкіленген жүк құжат жөніндегі семинарына қатысты.
Анықтама: ЦИМ/СМГС біркелкіленген жүк құжаты халықаралық жүк тасымалдаудағы барлық құқық жүйелерін біріктіреді. ЦИМ Еуропа елдерінде, ал СМГС ТМД мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде қолданылып жүр. Ол бағыт бойынша тасымалдау құжаттарын қайта рәсімдемей-ақ жүкті тасымалдауға мүмкіндік береді.
«Электронды пойыз» Еуропа, ТМД мен Қытай елдері арасындағы алдын ала ақпараттандырумен электронды құжат алмасу технологиясын пайдалана отырып, контейнерлік маршруттық байланысты атқаруға тиімді.