08:13, 28 Мамыр 2009 | GMT +5
Қазақ диаспорасының өкілдері Петерборда өтетін мәдени-спорттық шараға қатысады
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Қаланың Туған күніне арналған апталықтың аясында мамырдың 31-інде Петерборда «Біз біргеміз!» деп аталатын мәдени-спорттық шара өтеді.
Оған Невадағы қалада тұратын ұлттық-мәдени бірлестіктер қатысады, олардың қатарында қазақ диаспорасының да өкілдері бар. ҚазАқпарат тілшісінің хабарлауынша, мереке бағдарламасында ұлттық-мәдени бірлестіктер командаларының арасында мини-футболдан турнир, ұлттық-мәдени бірлестіктердің таныстырылымы, ұлттық ойындар, көрмелер, өнер ұжымдарының гала-концерттері қарастырылған. Санкт-Петербор Ұлттар үйі жыл сайын ұйымдастыратын «Біз біргеміз!» мерекесі - көпұлтты Петербордағы халықтардың тату көршілігі мен келісімінің жарқын үлгісі.