Қазақ дипломаты аймақаралық деңгейдегі саясат, экономика мен мәдениет салаларындағы байланыстарды дамыту туралы келіссөздер өткізді
Бұл саладағы қазақ-испан ынтымақтастығының өзекті мәселелерін зерттеу мақсатында Е.Бөлегенов Кантабрия үкіметінің төрағасы Игнасио Диего Паласиоспен кездесті. Сұхбаттасушылар сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету қажеттілігін ерекше атап, бұл бағыттағы жұмыста Испанияның біздің ел нарығында әлі де жұмыс істемеген Кантабрия сияқты аймақтарының экономикалық топтары өкілдерінің белсенді қатысуының тілекке сәйкес екендігіне назар аударды.
Аймақтық заң шығарушы мәжілістері арасындағы қатынастарды дамыту мүмкіншіліктері Е.Бөлегеновтің Кантабрия парламентінің төрағасы Хосе Антонио Кахигаспен кездесуі кезіндегі өзекті мәселе болды. Кантабриялық парламентарий Қазақстанның төзімділік және ұлтаралық татулық идеяларын алға жылжыту саласындағы жетістіктеріне жоғары баға берді және ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттармен бірыңғай үндестіруге алған бағытының дұрыстығын атап көрсетті. Оның пікірінше, әлемде аналогы жоқ Қазақстан халқының ассамблеясын құру назар аударуға лайық үлгі.
Қазақ дипломатының Кантабрия университетінің ректоры Федерико Сальседо мен «Комильяс» қорының президенті Игнасио Гавирамен кездесуі шеңберінде қазақ-испандық мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының перспективалары және аталған оқу орнының Қазақстандағы бір жоғарғы оқу орнымен байланыс орнату мүмкіншілігі туралы сұрақ ортаға салынды. Кантабрия университеті Испаниядағы ең жақсы университеттердің бірі болып саналады, мұнда бакалавриат, магистрант және докторантура деңгейіндегі көптеген бағдарламалар ұсынылады. Кездесу нәтижесінде университеттің өкілдері қазақстандық студенттерді Испанияға жіберіп, мамандандырылған бағыттарда және де тіл үйрену тәжірибесінен өту мақсатында оқыту үшін қазақстандық бір немесе бірнеше университеттермен серіктестік келісімін жасауға дайын екендігін білдірді.