Қазақ елі өңірдегі ең маңызды саяси және экономикалық әріптесіміз – Түркия елшісі

Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 20 жылдығы: өткені, бүгіні, ертеңі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Лале Үркер ханым.
Оның сөзінше, Қазақстан мен Түркия екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды әртараптандыруға және барынша ұлғайтуды мақсат етіп отыр. Осының арқасында соңғы уақытта қорғаныс, өнер және өзге де көптеген салалар бойынша ынтымақтастықта елеулі жетістіктерге қол жеткізілді. «Білім және мәдениет саласындағы ынтымақтастық қарым-қатынасымыздың маңызды өлшемдерінің біріне айналды. Осы ретте Түркияда білім алып жатқан қазақ жастары мен Қазақстанда оқып жатқан түрік жастары екі елдің ортақ келешегінің негізін қалайды. Қазақстандағы түрік мәдениеті мен біліміне деген қызығушылыққа ризашылығымызды білдіреміз»,- деді елші.
Оның сөзінше, ынтымақтастық пен ықпалдастықтың жаһандық деңгейге көтерілгендігі баршаға мәлім. Бұл тұрғыда Түркия мен Қазақстанның өңірлік және халықаралық аренадағы ынтымақтастығы да қарқынды түрде дамуда. Сондай-ақ, елдің мүдделері көптеген мәселелер бойынша ортақ.