11:50, 23 Қазан 2012 | GMT +5
Қазақ елінің сыртқы сауда айналымы 13,5 пайызға артты
АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанның сыртқы сауда айналымы ағымдағы жылы 13,5 пайызға артты.
Бұл туралы бүгін еліміздің ағымдағы жылғы 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған Үкімет отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Ерблоат Досаев мәлім етті.
«Экономика салаларында айтарлықтай баяулау орын алғанына қарамастан ағымдағы жылдың 8 айының ішінде сыртқы сауда айналымы 13,5 пайызға артты. Тауар экспорты 9,3, импорт 24,1 пайызға өсім көрсетті. Сауда балансындағы оң салдо 34,2 млрд. АҚШ долларын құрады», - деді министрі.