Қазақ халқы Қазақстанның барлық этностары үшін ұлттық мемлекеттік қоғамның қуатты тарихи ядросы болып табылады - Елбасы

АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақ халқы Қазақстанның барлық этностары үшін ұлттық мемлекеттік қоғамның қуатты тарихи ядросы болып табылады. Бұл туралы бүгін елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан «Қазақстан - 2050» стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты күнтәртібіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық 20-шы сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

Мемлекет басшысының атап өтуінше, жаңа кезеңде бірінші жоспарға ұлттық бірлік процесінде қазақ халқының рөлін нығайту міндеті алға шығады.

«Біріншіден, қазақ халқы Қазақстандағы барлық этникалық әлеуметтік топтар үшін ұлттық мемлекеттік қоғамның қуатты тарихи ядросы болып табылады. Біз қазақ әлемі тарихи тұрғыда еш уақытта да тар моноэтникалық әрі мономәдени болмағандығын білеміз»,-деді Елбасы.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, қазақ халқы ешқашанда әлемдік өркениеттік процестен тысқары дамыған емес. «Тіпті біздің ата-бабаларымыз бұл әлемдік процесті өздері қалыптастырған»,-деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар