17:15, 02 Қараша 2009 | GMT +5
Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандардың ескерткіштері «Нұр Отан» ХДП-ның басты назарында
АНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Тәуелсіздік сарайының жанында сақталып тұрған Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандардың ескерткіші «Нұр Отан» ХДП-ның басты назарында. Бұл жайында бүгін партияның орталық аппаратында өткен баспасөз мәслихатында ресми өкіл Оксана Петерс мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресми өкіл осы мәселеге қатысты бұқаралық ақпарат құралдары екі аптадан бері мәселе көтеріп келе жатқанын, сондай-ақ тақырыпқа қатысты материалдар шықпастан бұрын «Нұр Отан» партиясы осы жайтқа баса назар аударғанын атап өтті.
«Осы Қазақ хандарының ескерткіштерінің тағдыры болашақта қандай болады, нақты қай жерде және қашан орнатылатындығына алаңдаушылық білдіріп, партия басшылығы атынан қалалық әкімшілікке арнайы хат жіберген болатынбыз. Өздеріңіз білесіздер, ресми хаттың шектеулі жауап беретін уақыты бар. Біз осы жауапты күтеміз. Жауап келісімен сіздер хабардар боласыздар», деді О.Петерс.