Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін биыл 2 мыңға жуық жас маман бітіріп шықты

АЛМАТЫ. 6 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 2013 жылғы түлектерге арналған «Сәт сапар ақ түлек!» деп аталатын салтанатты жиын өтті. ТМД елдеріндегі қыздарға арналған бірден-бір жоғары оқу орнының ректоры Динар Нөкетаеваның айтуынша, биыл онда бакалавриат бойынша 1996 студент диплом алу құрметіне ие болып отыр. Оның 928-і күндізгі бөлімнің, 1068-і сырттай бөлімде бітірді. Олардың арасынан күндізгі бөлім бойынша -208, сырттай бөлім бойынша - 25 студент үздік диплом алды.
None
None

«Сіздер бүгін құдіретті де, қасиетті, 70 жылдық тарихы бар Қыздар университетін аяқтап, үлкен өмірге жолдама алғалы отырсыздар. Бұл барлығымыз үшін ерекше күн, ерекше мереке. Біз үшін де, қыздарымызға дәріс берген ұстаздарымыз үшін де, Сіздерден үміт күткен ата-аналарыңыз үшін де өте үлкен қуаныш. Сіздер әрқашан осылай ұстаздарың мен ата-аналарыңның үкілі үмітін ақтап, тамаша маман иесі болады деп сенемін», - дейді Д.Нөкетаева. Онда ұстаздары да студенттерінің оқу ордасында алған білімдерін өмірде қолдана біліп, еңбек жолында табысқа жетулеріне тілектес білдірді. Сондай-ақ әр жылдары осы оқу орнын бітірген түлектер өз ізбасарларына жылы лебіздерін жеткізіп, әндерімен шашу шашып, қуаныштарымен ортақтасты.

Соңғы жаңалықтар