Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы біздің рухани тәуелсіздігіміздің айғағы - Алматы әкімі Ахметжан Есімов

МАТЫ. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгінгі таңда әлемде 7 мыңдай тіл бар екен. Солардың 114-і ғана ресми түрде заңмен бекітілген. Оны бүгін Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімов Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай өткен "Ана тілім - ардағым" деп аталатын фестивальде айтты.
None
None

"Биылғы мереке тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы аясында өткізіліп отыр. Еліміздің рухани өркендеуіне ерекше серпін берген бұл құжат әлеуметтік әділеттікті орнықтыруға бастаған саяси шешім болатын. Осы заңның аясында тарихта тұңғыш рет қазақ тілі - мемлекеттік тіл болып жарияланып өкімет қамқорлығына алынды. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы біздің рухани тәуелсіздігіміздің айғағы", - деді Ахметжан Смағұлұлы.

Оның айтуынша, тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде ҚР Тұңғыш Президентінің басшылығымен біртұтас мемлекеттік тіл саясатының стратегиясы қабылданды. Оны қолдану мен дамытудың бірнеше бағдарламалары қабылданды. Мұндай батыл шешімдер ел егемендігінің қалыптасу жылдарындағы қиын кезеңдерде қолға алынды. Оның халық мұратымен ұштасқан баянды болашаққа апаратын стратегиялық даму болғандығын уақыт дәлелдеп отыр. Соның нәтижесінде еліміз ынтымағы мен бірлігі жарасқан, бір мақсатпен ортақ мүддеге жұмылған әлеуметтік-экономикалық тұрақты даму жолына түсті.

Соңғы жаңалықтар