Қазақ ұлттық өнер университеті мен Иордания университетінің арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Иорданиядағы ҚР елшісі Болат Сәрсенбаев Иордания университетінің ректоры Адель Әл-Туайсимен кездесті, деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметі.
None
None

Өткен аптада болып өткен кездесу барысында елші Қазақстан мен Иорданияның дамып келе жатқан екіжақты ынтымақтастығы жайлы баяндап берді.

Сонымен қатар Қазақ ұлттық өнер университеті мен Иордания университетінің арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланып, екі оқу орнының арасында меморандумға қол қою мүмкіндігі талқыға салынды.

Қазіргі күні елшілік тарапынан қазақ университетін Иорданияның білім және ғылыми зерттеулер министрлігінде тіркеу бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар