Қазақ Ұлттық өнер университетінің Еуразиялық симфониялық оркестрі Мәскеуде концерт берді
Концерт оркестрдің Австрия, Италия, Франция елдерінде де өткен еуропалық турнесін қорытындылады. Қазақстандық ұжымның концерті Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және БҰҰ жариялаған Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық жылы аясында ұйымдастырылып отыр. Жеке орындаушы - Айман Мұсақожаева, дирижер - Фуат Мансұров.
Концертте Еркеғали Рахмадиев, Серік Еркімбеков сынды қазақстандық композиторлардың туындылары, сондай-ақ Ж.Бизе мен П,Чайковскийдің классикалық шығармалары орындалды.
Концертке дипломатиялық ведомстволардың, Ресей Федерациясының мемлекеттік ведомстволарының және түрлі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері келіп тамашалады.
Мәскеулік көрермен жас орындаушылардың жоғары шеберлігіне тәнті болды.