03:09, 12 Тамыз 2015 | GMT +5
«Қазақфильм» жаңа көркем фильмге түсу үшін бақ сынауға шақырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ толықметражды жаңа көркем фильмге түсуге кастинг жариялайды, деп хабарлайды киностудияның баспасөз қызметінен.
«Руслан» деген жұмыстық атаумен тіркелген фильмге түсуге қазақ тілінде еркін сөйлейтін 20-25 жас аралығындағы жігіттер мен 50 жастан асқан ер адамдар қажет. Бағын сынап көргісі келетіндері Алматы қаласындағы әл-Фараби даңғылы бойынша орналасқан «Қазақфильм» киностудиясына өтініш білдіруі керек. Сондай-ақ аты-жөні, туған жылы және басқа да мәліметтері көрсетілген мәліметтер мен фотосуреттерін filmruslan@mail.ru электронды мекен-жайына жіберуіне болады», делінген хабарламада.