«Қазақмыс» қайта құру кезеңінде әрбір қызметкердің жалақысын 100% көлемінде сақтап қалуды және төлеуді өзіне міндет етіп алады
Бұл туралы ҚР Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Кездесу барысында Жезқазған аймағын дамыту мәселелері, оның ішінде Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтпаев және Ұлытау қалаларын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2017 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Кешенді жоспар шеңберінде өңірде минералдық-шикізаттық базаны кеңейту, индустриалды-инновациялық дамыту, тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту және т.б. бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны белгілі.
Оның үстіне, бірінші вице-премьердің басшылығымен ҚР Премьер-министрінің жарлығы бойынша құрылған өңірдің проблемалық мәселелерін шешу жөнінде жұмыс тобының отырысы болып өтті. Отырыста, атап айтқанда, «Қазақмыс» компаниясының қызметімен байланысты сұрақтар қарастырылды. Бақытжан Сағынтаевтың атап көрсеткеніндей, кәсіпорынның тұрақты жұмысы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының кепілі болып табылмақ.
Өз кезегінде «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқармасының төрағасы Эдуард Огай, зауытты қайта құруда «Қазақмыста» жеке құрамды қысқарту жоспарланбайтынын атап айтты. Барлық негізгі және қосалқы жұмысшылар зауытты қайта кұрастыруда жұмыс істейді. Сонымен қатар, «Қазақмыс» қайта құру кезеңінде әрбір қызметкердің жалақысын 100% көлемінде сақтап қалуды және төлеуді өзіне міндет етіп алады.
Құрамына орталық мемлекеттік органдардың, облыс әкімдігінің өкілдері, сонымен қатар, тау-кен металлургиялық саласының мамандары енген жұмыс тобы өз жұмысының қорытындысы бойынша ҚР Үкіметіне тиісті ұсыныстарды енгізбек.