«Қазақмыс» компаниясы таэквондо, суда жүзу спорты мен үлкен теннисті дамытуға бағытталған жаңа бағдарламаны жүзеге асырмақшы

«Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Басқарма төрағасы Э.Огайдың сөзіне қарағанда, компания көптеген жылдар бойы өз қызметкерлері мен олардың отбасылары тұрып жатқан қалалардың спорттық инфрақұрылымдарының нығайтылуына зор үлесін қоса отырып, отандық спортты дамытуға және қоғам арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға қолдау көрсетіп келеді.
«2011 жылы Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында баскетболды дамыту жөнінде «Школьная лига» бағдарламасы қолданысқа енгізіледі. Біздің спорт мекемелеріміздегі тәрбиеленушілер сан
түрлі спорттық бәсекелерге қатысып, онда лайықты өнер көрсете алатындығына сенімдімін. Барлығыңызды спортпен айналысып, салауатты өмір салтын сақтап, шымыр әрі сымбатты болуға шақырамын», - деді Басқарма төрағасы.