«Қазақмыс» корпорациясы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетуге 33 миллиондай теңге бөлді

ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, кезінде компанияда жұмыс істеген тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетуге, сондай-ақ мерекелік шаралар өткізуге «Қазақмыс» корпорациясы» серіктестігінің бюджетінен 33 миллионнан астам теңге бөлініп отыр.
None
None

«Қазақмыс» корпорациясының басқарма төрағасы Эдуард Огай Ұлы Жеңістің 65 жылдығын тойлау, ардагерлерге материалдық көмек көрсету туралы бұйрыққа қол қойды. Бұйрыққа сәйкес, Ұлы Отан соғысына қатысқан, сондай-ақ осы санаттағыларға теңестірілген және «Қазақмыс» корпорациясынан зейнетке шыққан әрбір тұлға 15 мың теңгеден, ал тыл еңбеккерлері - 5 мың теңгеден алады.

Компания мәліметтері бойынша, бұл көмек Ұлы Отан соғысына қатысқан 218 ардагерге және 1989 тыл еңбеккеріне арналып отыр. Ардагерлер сондай-ақ, «Қазақмыстың» құрылымдық бөлімдері орналасқан қалалар мен елді-мекендерде өткізілетін барлық мерекелік шаралардың құрметті қонағы болады, делінген компанияның баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар