«Қазақмыс» корпорациясы ҰОС ардагерлеріне көмек көрсету үшін 14 млн. теңге қаражат бөлді

АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - «Қазақмыс» корпорациясы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қаржылай көмек көрсетті. Бұл туралы Корпорацияның баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Қазақмыс» компанияның кəсіпорындарында жұмыс істеген Ұлы Отан соғысына қатысушыларға жəне тыл еңбеккерлеріне шамамен 14 млн. теңге бөлініп отыр. Оның үстіне, Қарағанды облысының əкімдігімен жасасқан өзара ынтымақтастық туралы меморандумның аясында компания 205 соғыс ардагеріне 50 мың теңгеден қаржылық көмек көрсетілді. Сонымен бірге, компания «Қазақмыстың» кəсіпорындары орналасқан қалалар мен елді мекендерде ардагерлер үшін мерекелік думан-шаралар өткізетін болады», - делінген таратылған хабарламада.

«Біз нағыз қатал соғыс жылдары Отанын тайсалмастан қорғаған жəне де тылда бар күш-қуаттарын сарп етіп еңбек еткен қаһармандарымызды құрмет тұтамыз жəне олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз. «Қазақмыс» тобының барлық қызметкерлері атынан Сіздерді, құрметті ардагерлер жəне тыл еңбеккерлері, Жеңіс Күнімен құттықтаймыз! Сіздер əрқашан да біз үшін табандылық пен рухани күш-қуаттың үлгісі болып қала бересіздер», - деді ардагерлерге арнаған құттықтауында «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС басқармасының төрағасы Эдуард Огай.

Соңғы жаңалықтар