Қазақмыс қызметкерлерін аттестациядан өткізуді бастады

АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жаңадан енгізілетін еңбекақы төлеу жүйесінің аясында кейіннен тарифтік ставкалар бекіту үшін басшылардың, мамандары мен қызметкерлердің біліктілігін анықтап, бағалау жасау үшін оларға аттестация өткізуді бастады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
None
None

Бұл жүйені енгізу нәтижелерінің бірі қызметкерлердің еңбекақыларының елеулі түрде жоғарылауы болады. Компанияда жаңа жүйені кезең-кезеңімен енгізу өткен жылдың жазынан бері жүзеге асырылып келеді. Аттестация әр қызметкердің білімдері мен машықтарын тиімді қолдануға, кадр саясаты артықшылықтарының бірі ретінде бағаланатын адами талаптарын айқынырақ ашуға бағытталып отырған процестің кезекті кезеңі саналады. Аттестация барысында қызметкерлер атқарып жүрген қызметтеріне лайықтығын анықтау емтиханынан өткізілетін болады, сондай-ақ біліктіліктерін жоғарылату қажеттілігі анықталатын болады. Аттестация компанияның барлық аймақтардағы 15 мыңға жуық қызметкерлерін қамтитын болады және де көктемнің соңына дейін созылады. 

Сонымен қатар, корпорацияның барлық кәсіпорындарында 20 ақпанда басталған жұмысшы персоналдың біліктіліктерін растау жөніндегі жоспарлы рәсімі жалғасуда. Рәсімге техникалық жағынан даярлану ісі бірнеше айға ұласты, өйткені бұл Қазақмыстың барлық кешендері мен филиалдарындағы 40 мыңнан астам жұмысшыларды қамтиды. Бұл рәсім екі кезеңде өткізіледі - тестілеуден өткен соң кәсіби білімдерін тексеруге және қауіпсіздік техникасын білулерін тексеру үшін еңбекақы төлеудің уақытылы жүйесімен еңбекақы алатын жұмыскерлердің әрқайсысымен сұхбат өткізіледі, соның барысында жұмысына қаншалықты қанағаттанатындығы дәрежесін, кәсіби жоғарылаудағы жоспарларын, ұжымындағы қарым-қатынастарды және тағы басқаларын анықтап алу маңызды болады. Ал еңбегіне қарай ақы төлеу жүйесіндегі жұмыскерлер үшін біліктілік сынама жұмыстардан өту көзделіп отыр. Жалпы алғанда, тестілеу процестері аяқталған кәсіпорындарда келесі кезең - біліктіліктерін растау рәсіміне көшуде. Негізінен, Қазақмыстың жұмысшыларының басым көпшілігі бірінші кезеңнен сүрінбей сәтті өтуде. 

Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу, яғни нақты бір лауазымдағы қатардағы қызметкердің тиімділік көрсеткіші мен разрядтары есепке алынған дифференциалданған көзқарасты, жоспарлы көрсеткіштерге тәуелді болмайтын жалақыдағы тұрақты бөліктің жоғарылауын, сонымен қатар, қауіпсіздік техникасының нормаларын сақтағаны үшін, рационализаторлық ұсыныстары мен ресурстарды үнемдегені үшін берілетін сыйақы бөлігін білдіреді.

Өзінің біліктілігін растап дәлелдей алмағандар болса, төмендетпейтіндей шартта бұрынғы жалақысында қалдырылатын болады, соның өзінде олар өздерінің біліктіліктерін үш ай өткен соң қайта растап бере алатындай мүмкіндікке ие болады. 

«Қазақмыс - Қазақстандағы ең ірі деген жұмыс берушілердің бірі. Республикамыздың түрлі аймақтарында орналасқан компанияның кәсіпорындарында 60 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компанияның шешуші кадр ресурсы жұмысшы мамандықтардағы мамандар болып табылады. Біз осыдан кейінгі алдағы уақыттарда да олардың игіліктері мен біліктіліктерін жоғарылатып отыруға, уәждемелеу мен жоғарғы еңбек көрсеткіштері үшін көтермелеп отыруға баса назар аударатын боламыз», - деді «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің басқарма төрағасы Эдуард Огай.

Соңғы жаңалықтар