"Қазақмыс" тобында жылына 10 мың қызметкерді оқыту мүмкіншілігі бар 2 орталық жұмыс жасап тұр

АЛМАТЫ. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақмыс тобы еңбекті қорғау мен өнеркәсіптегі қауіпсіздік мәселелеріне белсенді қатысады және келешекте мұндай бастамаларды қолдап отыруға ниетті.
None
None

Компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, олар Астанадағы Бірінші қазақстандық KIOSH-2011 конференцияның Алтын серіктесі, ал оның аясында өткізіліп жатқа көрмеге Бас серіктесі ретінде қатысуда.

«Қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету, апатсыз және жарақаттарсыз жұмыс жасаудағы өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері қызметкерлердің құзыреттілігіне негізделеді. Сондықтан да қызметкерлер құрамын оқытуға және қауіпсіз еңбектену мәдениетін қалыптастыруға баса назар аударған жөн», - дейді өз сөзінде Қазақмыс тобының операциялық Бас директоры Сергей Дьяченко. Оның айтуынша, 2010 жылы Қазақмыс тобы қызметкерлер құрамын оқытуға 500 млн. АҚШ долларын бөлді. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 80 пайызға артық. Тренингтерді өткізуге бүкіл әлем бойынша еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласында аудиторлық және консалтингілік қызметтерді көрсету жөніндегі көшбасшы Du Pont Safety Resources компаниясы тартылды. Корпоративтік оқыту бағдарламасы әзірленіп, соған сәйкес барлық санаттағы басшыларға қайғылы оқиғалардың түпкі себептеріне талдау жасау, мінез-құлық аудиті, өндірістік қатерлерді және лидерлік машықтардың дамытылуын бағалау бойынша тренингтер өткізіледі. Балқаш және Сәтбаев қалаларында жылына 10 мың қызметкерді оқыту мүмкіншілігі бар 2 орталық жұмыс жасап тұр. Ондағы оқыту арнайы имитатор-жаттықтырғыштарда, сонымен қатар жерүсті және жерасты полигондарында өткізіледі. Келешекте мұндай орталықты Шығыс Қазақстан облысында да ашу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар