Қазақмыс Жезқазған аймағында өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер қауымдастығының құрылуын қолдап отыр

АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақмыс Тобының басшылығы Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының кәсіпкерлерімен өткізген кездесуде Жезқазған аймағында Өнеркәсіпшілер мен Кәсіпкерлер Қауымдастығын құру туралы шешім қабылдады,
None
None

деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Қауымдастықтың бірінші кезектегі мақсаты - шағын және орта бизнестің ірі кәсіпорынмен ынтымақтастықтарын нығайту. Қазақмыс 5 млн. теңге мөлшерінде алғашқы құрылтай жарнасын аударды. Аймақтағы кәсіпкерлер ұсынып, 2010 жылы сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көлемі Қазақмыс үшін 10 млрд. теңгеден астам болды.

Жезқазған аймағындағы шағын және орта бизнес өкілдері бас қосып отырған қауымдастық кәсіпорындардың өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға, кәсіпкерлікті тиімді дамытуға және аймақтың әлеуметтік-бағдарланған экономикасының принциптерін жүзеге асыруға бет алып отыр. Артықшылықты міндеттердің қатарында ішкі және сыртқы нарықтағы отандық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттігін арттыру шаралары да қарастырылып келеді. Аймақта 10 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып отырған 6 мыңдай шағын және орта кәсіпкерлік қызмет етуде. Кәсіпкерлердің шамамен 50 пайыздайы өндірістік емес салада, сауда-саттықта және құрылыс бизнесінде қызметтер көрсетуде.

«Қазақмыс қазақстандық үлесті арттыру, отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі бағдарламаны іске асыру аясында, сонымен қатар аймақтың экономикасын әртараптандыру мақсатымен Жезқазғанның және Сәтбаевтың кәсіпкерлерімен тығыз ынтымақтастықтарын жалғастырып келеді. Біз Қауымдастық мүшелерінен өнімдердің сатылып алынуын жоғарылатуға, сондай-ақ отандық өндірушінің бәсекеге қабілеттігін арттыруда ынтымақтастықта болуға ниеттіміз», - деді өз сөзінде «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Эдуард Огай.

Соңғы жаңалықтар