«ҚазАқпарат» АА Минск қаласындағы Еуропалық және азиялық медиа-2012 Форумына қатысуда

МИНСК. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - 10 желтоқсанда Минск қаласында «Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үдерістер және жаңа медиа» тақырыбындағы еуропалық және азиялық медианың жетінші жыл сайынғы Форумы басталды.
None
None

БЕЛТА-ның хабарлауынша, Беларусь Президенті Александр Лукашенко мен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин форум қатысушыларына құттықтауларын жолдады.

Минскідегі еуропалық және азиялық медиа форумында ТМД, Балтық және Грузия елдеріндегі жетекші БАҚ-тың 200-ден астам басшылары қатысуда.

ЕАМФ-ның негізгі тақырыбы - еуразиялық интеграцияны талқылау. Форум жұмысының екі күні ішінде 10 және 11 желтоқсан күндері журналистер, саяси қайраткерлер, парламент депутаттары мен масс-медиа саласындағы сарапшылар интеграциялық жобалардың болашағын, БАҚ пен қоғамның өзара ықпалдастығын, сондай-ақ жаңа медиалардың посткеңестік кеңістіктегі қызмет ету ерекшеліктерін талқылайды.

Мәселен, еуропалық және азиялық медиа-2012 Форумының қатысушысы - «ҚазАқпарат» АА басшысы Дәурен Дияров Беларусь пен Қазақстанның көптеген салаларда ынтымақтастықты дамытудың жанасу нүктелерінің бар екенін атап өтті.

Форумның бағдарламасына «БАҚ-тың интеграциялық үдерістердегі рөлі», «Тұрақсыз әлем. Жаһандану және медиалық кеңістік», «Дәстүрлі медиалардың жаңа өмірі», «Мәдени-тарихи кодтар мен заманауи медиалық форматтар», «Әлеуметтік желілерді қолданушыларды әлеуметтендіру проблемалары» тақырыптарына пленарлық отырыстар мен пікірталас сессиялары кіреді.

Соңғы жаңалықтар