«ҚазАқпарат» Қазақстанның халықаралық имиджін қалыптастырады - А.Бекбосын
«Әріптестерімді 95 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Осы жылдар ішінде атауы талай өзгерсе де, оның қызметкерлері талай қиындықтарды бастан өткерсе де, агенттік материалдарының жеделдігі, нақтылығы, ұстамы еш өзгерген жоқ. Журналистердің кәсібилігі артпаса, кеміген жоқ. Әр жылдары агенттікті басқарған басшылар құрметке лайық, есімдері отандық журналистика тарихында мәңгі қалатын жандар».
Сұхбаттасушының пікірінше, «ҚазАқпарат» ХАА Қазақстан мен әлем өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінің негізгі оқиғаларының барлығын толықтай қамтиды. «ҚазАқпарат лентасын қарап шықсаңыз өмірдің шынайы шежіресін тамашалағандай әсерде боласың, барлық саяси өзгерістер, әлеуметтік реформалар, ауқымды құрылыстар, өзекті мәселелер, ғылыми, мәдени, спорттық жетістіктер - осының барлығын ҚазАқпарат жедел, қысқа әрі нұсқа жеткізеді», - деді Бекбосын.