«ҚазАқпарат» - ҚХР мен Қазақстан халықтары арасындағы достықты нығайтатын алтын көпір - «Синьхуа» порталының бас директоры

БЕЙЖІҢ-АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың «Синьхуа» жаңалықтар порталының директоры Тянь Шу Бин «ҚазАқпарат» ХАА бас директоры Дәурен Дияровты және агенттік ұжымын 95 жылдығымен құттықтады.
None
None

Құрметті «ҚазАқпарат» ХАА бас директоры Дәурен Дияров мырза!

Құрметті әріптестер!

«ҚазАқпараттың» 95 жылдығына орай мен «Синьхуа» порталы атынан және жеке өз атымнан сізге және бүкіл «ҚазАқпарат» ұжымына шынайы құттықтау лебізімді білдіремін!

Қазақстандағы Халықаралық дәрежеге ие болған алғашқы ақпараттық агенттік ретінде «ҚазАқпарат» әрдайым әлемнің әр еліне Қазақстанды танытуға зор үлес қосып келеді. «ҚазАқпарат» агенттігі - ҚХР мен Қазақстан халықтары арасындағы достастықты нығайтатын, екі елді өзара байланыстыратын алтын көпір.

Қазіргі уақытта, «Бір белдеу, бір жол» бастамасының жетекшілігімен, екі ел арасындағы саяси, экономикалық, мәдени салалардағы ынтымақтастық барынша нығаюда.

2014 жылдың наурыз айында «ҚазАқпарат» агенттігінің қытай тіліндегі нұсқасының іске қосылуы - екі ел арасындағы ақпарат алмасуда жаңа кезең басталғанының белгісі.

Өткен жылдың мамыр айында, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Синьхуа» жаңалықтар порталында қытайлық ғаламтор пайдаланушылармен онлайн-сұхбат өткізген болатын. Сұхбат Қытай және шетел оқырмандары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Президент мырзаның салиқалы әрі ұтқыр жауаптарынан мен үлкен әсер алдым. Осы сұхбат екі ел БАҚ саласының нығая түсуіне негіз қалады.

Сол жылы шілдеде «ҚазАқпарат» ХАА Бас директорының орынбасары Қаламқас Әбуова жұмыс сапарымен бізге келіп, «Синьхуа» порталы мен «ҚазАқпарат» тығыз ынтымақтастық орнату, екі ел арасындағы өзара түсіністікті нығайту туралы ортақ уағдаластыққа келді.

«Синьхуа» порталы Қытайдағы ең ықпалды БАҚ ретінде «ҚазАқпарат» агенттігімен бірге екіжақты достық қарым-қатынастарды дамытуға, екі ел достастығының нығаюына үлес қосуға дайын.

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінің биік белестерді бағындыра беруіне, екі елдің бұқаралық ақпарат құралдарының ынтымақтастығын, сонымен қатар Қытай мен Қазақстанның достастығын одан әрі нығайта түсуіне шын жүректен тілектеспін.

«Синьхуа» порталының бас директоры

Тянь Шу Бин

2015 жылы 13 тамыз

Соңғы жаңалықтар