15:34, 30 Қазан 2009 | GMT +5
«ҚазАқпарат» өз сайтына төте жазу үлгісін қосты - Қытайдағы kultegin.com/bbs сайты
АСТАНА. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат. Қазақстандағы Қазақ ақпарат агенттігі (www.inform.kz) Қытай қазақтары үшін өз сайтына төте жазу үлгісін қосты, деп хабарлады Қытайдағы Күлтегін сайты өз оқырмандарынан сүйінші сұрап.

Қазақ ақпарат агенттігі Қазақстандағы мемлекет меншігіндегі ең негізгі ақпарат қайнары. Ол Қазақстанның жер-жеріндегі барлық жаңалықтарды хабардар етумен қатар, шет елдердегі тілшілері арқылы әлемнің әр шалғайындағы жаңалықтарды да қағыс қалдырмайды. Енді Қытайдағы қазақтар Қазақстан жаңалықтарынан сәт сайын хабардар болып отыратын болды, делінген қытайлық қандастарымыздың ғаламторлық торабында.