«ҚазАқпарат» өзінің тұрақты оқырмандарын агенттіктің 90 жылдығымен құттықтайды

Агенттіктің басты қағидасы - елімізде және дүниежүзінде болып жатқан маңызды жаңалықтарды on-line режимде жедел және еш қоспасыз халыққа жеткізу. «ҚазАқпараттың» жаңалықтары агенттіктің www.inform.kz веб-сайты арқылы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде таратылады. Қазақ тіліндегі жаңалықтар латын әліпбиімен және төте жазумен де таратылады.
«ҚазАқпарат» ашық акционерлік қоғамының акциялар пакетінің 100 пайызы да мемлекетке тиесілі.
ҚазАқпарат - ОАНА (Азия және Тынық мұхит елдері ақпарат агенттіктерінің ұйымы) ақпараттық агенттіктерінің халықаралық қауымдастығына, ТМД елдерінің Ұлттық ақпарат агенттіктері қауымдастығына (АНИА), Түркітілдес елдердің ақпарат агенттіктері ұйымына (ТКА), ТҮРКСОЙ ұйымына мүше.
ҚазАқпарат сондай-ақ, ИТАР-ТАСС, «РИА «Новости», КАБАР, БЕлТА, УкрИнформ, «Новости-Молдово» сияқты ірі ақпарат агенттіктерінің серіктесі.