«ҚазАқпарат» ҰК - шағын және орта бизнес тақырыбын көтеретін белсенді БАҚ-тардың бірі

АЛМАТЫ. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Данияр Сиқымбаев/ - Дағдарыс уақытында шағын және орта бизнес туралы көп айтыла бастады. Бұл жөнінде бүгін Алматыда өткен Eurasian PR-Event-2009 конференциясында «Медиа жүйе» агенттігі басқарма төрағасының орынбасары Татьяна Бешенцева мәлімдеді.
None
None

«Шағын және орта бизнеске арналған PR. Не білу керек?» деген тақырыпта өткен «дөңгелек үстел» барысында Т.Бешенцева тек шағын және орта бизнес туралы ғана 2005 жылы БАҚ-та 789 рет сөз болғанын, бұл сан 2008 жылы 1442-ке жеткенін айтты. Ағымдағы жылғы 9 ай ішінде шағын және орта бизнес тақырыбы қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында 2549 рет көтерілді. Бұл ретте, баспа өнімдері алда келеді, одан кейін  - теледидар мен ақпараттық агенттіктер және ең азы - интернет-басылымдар.

 Шағын және орта бизнес тақырыбын жазудағы ең белсенді БАҚ рейтингінде «Хабар» агенттігі алға шықты - 166 рет осы тақырыпты сөз еткен, «ҚазАқпарат» ҰК - 121 рет және «Казахстанская правда» - 120 рет атаған. Аймақтар бойынша материалдар саны - Алматыда - 1514 және Астанада - 473 болып отыр.

Соңғы жаңалықтар