«Қазақша күрестен ІІ Халықаралық «Еуразия барысы» турнирінде 12 елден 60 палуан боз кілемге шығады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - 22 қарашада «Тараз-Арена» Спорт сарайында қазақша күрестен ІІ халықаралық «Еуразия барысы» турнирі ашылады. Бұл туралы ақпарат кеше Таразда өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.
None
None

Жобаны ұйымдастырушылар «Қазақстан Барысы» қазақша күресті дамыту қоры, ҚР қазақша күрес федерациясы. Жамбыл облысы әкімдігі және Тараз инновациялық гуманитарлық университеті (ТИГУ).

«Турнир аңызға айналған қазақ палуаны Балуан Шолақтың 150 жылдыңғына арналады», - деп хабарлады ТИГУ ректоры Ерболат Саурықов журналистерге. - Қазақстандықтардан басқа турнирге Ресейдің, Украинаның, Польшаның, Грузияның, Әзербайжанның, Қытайдың, Моңғолияның, Қырғызстанның, Тәжікстанның, Өзбекстанның, Түркияның күшті спортшылары қатысады. Бес салмақ санатында - 60, 70, 80, 90 және 90 келіден астам салмақтарда 60 спортшы белдеседі.

«Қазақстандық құрама бес салмақ санатында күшті спортшылары - Абзал Арыстанбековті, Қайрат Ағыбаевты, Дәулетхан Жақыповты, Мұхит Тұрсыновты және Айбек Нұғымаровты сайысқа салады. Палуандар командалық жарыстар форматында сайысады. «Еуразия барысы» турнирінің жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ доллары.

Жарыстар аяқталғаннан кейін дәстүр бойынша көрермендер арасында бағалаы жүлделер ойнатылады.

Еске сала кетейік, 2013 жылы желтоқсанда Таразда алғашқы қазақша күрестен алғашқы «Еуразия барысы» турнирі өткен болатын, оған Қазақстаннан, Ресейден, Моңғолиядан, Польшадан, Тәжікстаннан, Түркиядан, Ираннан және Қытайдан 8 команда қатысқан еді. Қазақстан құрамасы жамбылдық спортшы Бейбіт Ыстыбаевтың жеңісінің арқасында командалық бірінші орынды жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар