Қазақстан 2009 жылды абыроймен өткізді - Елбасы

 АСТАНА. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Алдағы Барыс жылы бізге табыс пен бақыт әкелуі тиіс. Бұл туралы бүгін Елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан жыл сайынғы дәстүрлі Жаңажылдық балда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тәуелсіздігіміздің тағы да бір жылы артта қалып барады. 2009 жылы бүкіл әлемге оңай болған жоқ.  Дейтұрғанмен, Қазақстан бұл жылды абыроймен өткізді. Халқымыз дағдарыстың ауырпалығын байқаған жоқ. Ол мемлекеттің, Үкіметтің, халқымыздың игі еңбегі, татулығы мен достастығы. 2009 жыл қанша қиын болса да осы белестерді өткердік деп айтуға болады», - деді Президент.

Осы Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттің өркендеуіне үлес қосқан азаматтарға алғысын білдірген Мемлекет басшысы, барша Қазақстан еліне табыстар тілеп, Жаңа жылмен құттықтады.

«Алдағы жыл - ол Барыс жылы. Естеріңізде болса, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму символына таудың шыңында мекен ететін біздің барыс аңын таңдадым. Бұл аң ешқашан бірінші болып шабуыл жасамайды. Ол тек өзін, балаларын, отбасын қорғайтын кезде ғана шабуыл жасайды. Шымыр, керек болған жағдайда жігерлі, секіргенде серпінді бола алатын жануар. Міне, сондықтан мен барысты таңдадым. Алдағы жыл - Барыс жылы бізге табыс пен бақыт әкелуі тиіс»,- деді Мемлекет басшысы.

Аталған шараға Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов, Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов қатысуда.

Соңғы жаңалықтар