Қазақстан 2013-2015 жж. адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Кеңесінің құрамына сайланды
Қазақстанның кандидатурасына 183 мемлекет дауыс берді. БҰҰ адам құқықтары жөніндегі кеңестің осы сайлауында жаңа 18 мемлекет мүшелікке өтті.
БҰҰ адам құқықтары жөніндегі кеңес 2006 жылдың 15 наурызында тағайындалған және адам құқығын қорғау жөніндегі ірі халықаралық орган болып табылады. Ол Адам құқықтары жөніндегі комиссияны алмастырды. Кеңестің құрамына 47 мемлекет кіреді. Кеңеске мүшелік БҰҰ-ның барлық мемлекеттері үшін ашық. Олар БҰҰ Бас Ассамблея мүшелерінің тікелей дауыс беруі және жабық дауыс беруі арқылы 3 жылға сайланады.
2010 жылдың ақпан айында Қазақстан Әмбебап кезеңдік шолу - БҰҰ адам құқықтары жөніндегі кеңестің жаңа құқық қорғау механизмі аясында өзінің алғашқы ұлттық баяндамасын ұсынды және табысты қорғады.
БҰҰ-ның ірі құқық қорғау құрылымына еліміздің мүшелікке сайлануы Қазақтандағы адам бостандығын және құқықтарын қорғау әрі нығайту мәселелерінде оңды прогрестің мойындалуы, сондай-ақ аталмыш салада халықаралық ынтымқтастыққа белсене араласқанының айғағы болды.