Қазақстан 2013 жылы ЕҚЫҰ төрағалығынан үмітті Украинаның кандидатурасын қолдайды - Қанат Саудабаев

ИЕВ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Қазақстан Республикасы Украинаның 2013 жылға ЕҚЫҰ төрағалығына кандидатурасын қолдайды.
None
None

Бұл туралы ЕҚЫҰ-ның Қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев сәрсенбі, наурыздың 31-і күні Киевте мәлім етті.

Украина Сыртқы істер министрі Константин Грищенкомен болған келіссөзден кейін жасаған мәлімдемесінде Қ.Саудабаев, ЕҚЫҰ-төралағына Қазақстанның кандидатурасын кезінде Украинаның қолдағанын айта келіп, Қазақстанның осынау қызметке бірауыздан сайлануында ресми Киевтің ұстанымы да айтулы роль атқарғанын жеткізді.

«Қазақстан да өз кезегінде, Украинаның ниетін міндетті түрде қолдайды», - деді Қанат Саудабаев украиналық әріптесіне.

Соңғы жаңалықтар