Қазақстан 2014 жылдың соңына таман әлемнің 18 ірі компаниясын тартуға ниетті

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан Үкіметі инвестициялық белсенділікті ынталандыру жөніндегі бағдарлама шеңберінде 2014 жылдың соңына қарай әлемнің ірі әрі атақты 18 компаниясын тартуға ниетті.
None
None

Бүгін елордада өтіп жатқан IV Астаналық Экономикалық форумы аясындағы ІІ Халықаралық инвестициялық форум барысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитет төрағасы Асылхан Серіков осылай айтты.

«Шикізаттық емес экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялық өндіріске тікелей инвестиция үшін қолайлы жағдайлар құру мақсатында, сондай-ақ өңделген тауарлар экспортының қозғалысы арқылы әлемдік сауда жүйесіне ықпалдасу үшін ел Үкіметі инвестициялар тарту бағдарламасын әзірледі. Бұнда сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар, экспортты ынталандыру шаралары да қарастырылатын болады», - деді Комитет төрағасы. Оның айтуынша, бағдарлама шеңберінде 2014 жылдың соңына таман «Global 2000» индексіне енген компаниялар тізімінен 18 нысаналы инвестор тарту жоспарланып отыр. «Бұдан бөлек, бағдарлама аясында тікелей шетелдік инвестициялар ауқымын ЖІӨ қатынасына бес пайыздық пункт бойынша арттыру көзделуде. Ал бүгінгі күні аталған деңгей ЖІӨ-ге 8-9 пайыз аралығында сақталуда», - деді Асылхан Серіков.

Соңғы жаңалықтар