Қазақстан 2016 жылы ЭЫДҰ-ның Инвестициялар жөніндегі комитетіне енуді жоспарлауда - ҚР ИДМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан 2016 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Инвестициялар жөніндегі комитетіне енуді жоспарлап отыр, деп мәлімдеді бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Әмірліктер бизнес-форумы барысында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ерлан Қайыров.
None
None

Бұл туралы http://www.primeminister.kz сайты хабарлады.

«Бүгінде жеке саясат ЭЫДҰ ұсынымдарына бағытталған және біз келесі жылы аталған ұйымның Инвестициялар жөніндегі комитетіне енуді жоспарлаудамыз», - деді Е.Қайыров.

Оның айтуынша, соңғы 10 жылда Қазақстанға тартылған шетелдік тікелей инвестициялар көлемі 200 млрд. доллардан асты.

«Қазақстан шетелдік инвестициялар көлемі бойынша қол жеткізілген позицияларда кейінге қалған жоқ. Бүгін біз керемет жаңалыққа құлағдар болдық, Қазақстан Doing business рейтингісі бойынша 12 позицияға алға шығып, 41 орынды иеленді. Оған қоса, 2014 жылы біз таза шетелдік инвестициялардың ең көп көлемі бойынша ТОП-30 елдің қатарына ендік. Үкіметтің белсенді шаралары халықаралық сарапшылар арасында оң бағаға ие болды», - деп нақтылады ол.

Инвесторларды қорғау көрсеткіші бойынша Қазақстан Doing business рейтингісінің 25-ші орнына жайғасты.

Соңғы жаңалықтар