Қазақстан - 2030 даму стратегиясын түсіндіру жұмыстары бойынша шамамен 2 мың іс-шара өткізіледі

«Жыл аяғына дейін біз шамамен 2 мың іс-шара өткізуіміз керек. Кездесулерімізде, конференцияларымызда, дөңгелек үстелдерімізде кемінде 500 мың адамды қамтуымыз қажет. Сонымен қатар Жолдау басымдықтары бойынша біз 1500 мақала әзірлеп, оның жарық көруін қамтамасыз етуіміз, әрі бірқатар әдістемелік ұсыныстар, кітапшалар және кітаптар шығаруымыз керек», деп баса айтқан ол алда тұрған жұмыстардың ауқымы да мол болатындығын ескертіп өтті. Мәдениет министрлігінің қайта құрылымдаудан өтуіне байланысты конкурстың кешіктірілгендігін айтқан М.Әшімбаев алайда күш біріктірген кезде оларды толық орындап шығуға қол жеткізетіндіктеріне сенім білдірді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің ағымдағы жылғы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу, Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел Үкіметіне Қазақстанның 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге 1 миллиард теңге бөлуді тапсырған болатын. Осыған орай Мәдениет министрлігі ашық конкурс негізінде жеңімпаз деп танылған 50 ҮЕҰ-мен келісімшартқа отырып, қазіргі уақытта олар жұмыстарын бастап отыр