11:31, 02 Қыркүйек 2014 | GMT +5
«Қазақстан-2050» стратегиясын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету депутаттардың айрықша міндеті - Н.Назарбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан-2050» стратегиясын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету депутаттардың айрықша міндеті. Бұл туралы бүгін 5-ші шақырылған ҚР Парламентінің 4-ші сессиясының ашылуында сөз сөйлеген Елбасы

Нұрсұлтан Назарбаев айтты. «Құрметті депутаттар, баршаңызды жаңа парламенттік маусымның ашылуымен шын жүрегіммен құттықтаймын! Жұмыстарыңызға табыс тілеймін! Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында жылдар бойғы оңтайлы үдерістердің қалыптасуы Парламентіміздің жұмысымен тікелей байланысты екендігін ерекше атап өткім келеді. Парламент алдағы уақытта да осы қарқыннан таймай, халық өкілі ретінде өз міндетін абыроймен атқаратынына сенімдімін», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, қазіргі таңда еліміз дамудың ең шешуші сатысы - «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыруда.
«Бұл құжатты заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету сіздердің айрықша міндеттеріңіз болып табылады», - деді Н.Назарбаев.