17:18, 24 Сәуір 2013 | GMT +5
«Қазақстан - 2050» жаңа саяси бағдары негізінде елдің болашақ образы мен ментальды модель қалыптастыру қажет - Елбасы
АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Бұл туралы бүгін елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан «Қазақстан - 2050» стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты күнтәртібіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық 20-шы сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Біздерге Қазақстан - 2050» жаңа саяси бағдары негізінде елдің болашақ образы мен ментальды модель қалыптастыру қажет. Бұл образ шынайы тартымды әрі шабыттандыратын болуы тиіс».-деді Елбасы.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, біздер мәдени кодымызды нақты айтқанда, тіл, дәстүр және құндылықтарды сақтаған кезде ғана, жаһандық сын-қатерлер жағдайында адекватты жауап бере аламыз.
«Барлық қазақстандықтар үшін Отанға, туған жерге, өзінің ата-бабасына, біздің бірлігіміз бен тұтас тарихымызға деген махаббат ерекше маңызға ие. Біздің идеалымыз - бұл тәуелсіздік, бірлік, келісім және гүлдену. Оны Қазақстан халқы өзі қалыптастырды»,-деді Н. Назарбаев.