Қазақстан 3G технологиясы жоқ Орталық Африка елдерімен бір қатарда тұр -«GSM Қазақстан» компаниясының Бас коммерциялық директоры

trong>Қарашаның  2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -   «Қазақстан әлі күнге дейін 3G  технологиясымен   қамтылмай отыр.  Бұл көрсеткіш бойынша біз Орталық Африка елдерімен бір қатарда тұрмыз».
None
None

Бұл  туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Күз - 2009 Ұлттық бизнес форумында» айтылды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің ірі бәсекелестеріміз қазір бұл телекоммуникациялық қызметті аяқтап, өз күштерін жаңа бағыттарға шоғырландырып жатыр. Біз, өкінішке орай,  байланыстың соңғы буынының мәліметтер базасына қол жеткізе алмай отырмыз. Ол ең алдымен ғаламторға шығудың қол жетімділігі», дейді «GSM Қазақстан»  компаниясының Бас коммерциялық директоры  НұрланСарғасқаев.Оның айтуынша, ұялы байланыстың жаңа буынына өту үдерісін осы уақытқа дейін елдегі   рұқсат беру жүйесі тежеп келе жатыр.  Жалпы, қазіргі таңда байланыс операторлары дағдарысты еңсере бастады. Алғашқы тоқсанда төмендеп кеткен  қызмет көлемі 2-ші тоқсанның соңғы жартысынан кейін қайта өсіп келе жатыр. 

Соңғы жаңалықтар