16:37, 07 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қазақстан алдағы жылы да еңбек мигранттарына берілетін квота көлемін өзгеріссіз қалдырмақ
Ы. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеден Одағы еңбек мигранттарының көбеюіне ықпал етпейді. Оны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова бүгін Алматыда өтіп жатқан Шығыс Еуропа, Түркия және Орталық Азия мемлекеттеріндегі экономикалық дағдарыстың әлеуметтік салдары туралы конференциясында айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстанға келетін еңбек мигранттары квотамен белгіленген. Бір-екі жыл бұрын олардың саны көп болатын. Дағдарысқа байланысты олардың санын екі есе азайттық. Қазіргі кезде жылына 60 мың адамға квота беріледі. Бірақ нақты қолданылып отырғаны 30 мың. Дегенмен келесі жылы да квота көлемі осы деңгейде ұсталынатын болады», дейді министр Гүлшара Әбдіхалықова.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша, мигранттар санының өсуіне Кеден Одағы әсер етпейді. Өйткені Беларус, Ресей елдерімен келісімшарттар жасалған.