Қазақстан алдына өршіл міндеттер қойып отыр - беларустың «Обозреватель газеті
Басылым Белларуспен Кеден одағы бойынша әріптестердің бірі - Қазақстан үкіметі 2010-2014 жылдарға арналған жеделдете индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын қабылдағанын және Қазақстан алдына өршіл міндеттер қойғанын еске сала отырып, оған 2014 жылға бағдарламаның негізгі параметрлері дәлел болатынын келтіреді.
Айталық, осы бағдарламаға сәйкес ІЖӨ 2008 жылдағы деңгейден 50 пайыз, еңбек өнімділігін арттыру өңдеу секторында - 50 пайыз және экономиканың кейбір секторында 100 пайызға дейін ұлғаятын болады, ал шикізаттық емес эскпорттың үлесі - 40 пайызға дейін жеткізілмек.
«Біздің елдеріміздің Кеден одағына, ал кейінірек, 2012 жылдан бастап Бірыңғай экономикалық одаққа қатысуы Беларусты әріптестермен жалпы экономикалық мәселелерді келісіп отыруға, бірақ та даму қарқыны жөнінен кейін қалып қоймауға және басымдықтарды дұрыс таңдай білуге итермелейді», - делінген материалда.