01:55, 01 Желтоқсан 2015 | GMT +5
«Қазақстан Алюминий» жұмысшылары ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында бейнебаяндарын таныстырды - ВИДЕО
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - АжБӨҚ слесары Сергей Василенко мен электргаздәнекерлеуші Владимир Беликов ҚР Тұңғыш Президенті күніне және барша қазақстандықтарға арналған «Біз Қазақстаннанбыз» атты клиптерінің тұсауын кесті, деп хабарлады «Қазақстан Алюминий» АҚ баспасөз қызметі.
Ролик әріптестердің ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиынында көрсетілді.
Бұл әнінде орындаушылар Қазақстанның қалыптасу жолы, өздерінің сүйікті қалалары - Павлодар туралы және жұмыс істеп жатқан зауыттары жайында айтады. Сондай-ақ, Елбасына зор денсаулық, еліміздің гүлдене беруін тілейді. Сергей Василенко мен Владимир Беликовтың пікірінше, хип-хоп орындаушыларында міндетті түрде патриоттық сезім болуы керек. Клипті жігіттер өздері түсіріп, өздері монтаждаған. Оған шамамен 60-тай адам қатысқан.