18:40, 06 Қаңтар 2012 | GMT +5
«Қазақстан алюминийі» АҚ-ның цехында болған өрттен зардап шеккендер жоқ - Павлодар
ПАВЛОДАР. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Бұрын хабарланғандай, бүгін сағат 03:20-да № 2 біріктіру цехының учаскесінде ленталы конвейерде тасымалдауыш таспаның аздаған учаскесінің жануы болды.
Кәсіпорынның баспасөз қызметі, оқиғаны түсіндіру кезінде цехта өрттен зардап шеккен азаматтар жоқ екендігін атап өтті.
Конвейердің жануы «Қазақстан алюминийі» АҚ өрт бөлімінің күшімен жойылды. Өртті сөндіруге 5 адам және бір техника бірлігі жұмылдырылды.
Оқиға салдарынан ауысымның 35 жастағы шебері № 1 Павлодар ауруханасына ықтимал иіс тиюді тексеру үшін жеткізілді. Алайда дәрігерлер улану болмағанын анықтады.
Профилактикалық жұмыстар өткізілген соң біріктіру пештері қалыпты режимдегі жұмысына кірісті, деп атап өтті «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның баспасөз қызметі.