Қазақстан ана мен бала денсаулығын сақтауда және қауіпті дерттердің алдын алуда ынтымақтастықты арттыра түседі-Елбасы

АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада ашылған Ислам Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы мемлекеттер Денсаулық сақтау министрлерінің 3-ші ислам конференциясының ашылуы барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысушыларға жолдаған құттықтау хатын оқып берді.
None
None

«Биылғы жылы Қазақстан әлемдегі беделді Ислам Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуде. Қазақстан Ислам әлемі елдері арасында өңірлік және халықаралық қауіпсіздік, экономика және әлеуметтік, мәдени даму саласындағы ынтымақтастықты нығайту жолында әрдайым мүдделілік танытып келеді»,-делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

Елбасы өз сөзінде бүгінгі таңда экономикадағы жаһандау үдерістері, шиеленісті жағдайлар мен қоршаған ортадағы ахуалдың өзгеруі, халықтың көші-қоны сияқты күрделі мәселелер - денсаулық сақтау саласын халықаралық қарым-қатынастардың басты тақырыбына айналдырап отырғандығын айтып өткен. Осы орайда денсаулық сақтау мәселесі әрдайым жаһандық деңгейдегі маңызды басымдықтардың бірі болып қала бермек.

«Денсаулық сақтау саласының көптеген мәселелері халықаралық маңызға ие болуда және оларды бірлесіп қана шеше аламыз. Бүгінгі конференцияда жалпы адамзаттың денсаулығын сақтау проблемаларын қарастыруды ұсынамыз. Біз ана мен баланың денсаулығын сақтау, СПИД індетінің алдын алу, туберкулезге қарсы күрес саласындағы мәселелерді шешу жөніндегі ынтымақтастығымызды арттыруды жоспарлап отырмыз»,-делінген ҚР Президентінің құттықтау хатында. .

Соңғы жаңалықтар